Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын міндетті түрде жасау және ЕШБЖ-да уақытылы өзектендіру

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын міндетті түрде жасау және ЕШБЖ-да уақытылы өзектендіру

ҚР заңнамасына сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жазбаша түрде жасауға міндетті. Еңбек шарты тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекақысын, сондай-ақ кепілдіктер мен өтемдерді реттейді.

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық еңбек шарттары міндетті түрде Еңбек шарттарын есепке алу біріздендірілген жүйесіне (ЕШБЖ) енгізілуі қажет.

Негізгі талаптар:

  • Еңбек шарты қызметкердің еңбек функциясын орындауды бастамас бұрын міндетті түрде жасалуы тиіс.
  • Еңбек шартына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар уақтылы ЕШБЖ жүйесінде көрсетілуі қажет.
  • Еңбек шартының немесе оның өзектендіруінің уақтылы ЕШБЖ жүйесіне енгізілмеуі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 230-бабына сәйкес, 10 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл қарастырылған.

Жұмыс берушілерге ұсыныстар:

  • Заңнамамен бекітілген үлгілік еңбек шарттарын пайдалану.
  • Еңбек шартындағы еңбек жағдайлары, лауазым, жалақы немесе басқа маңызды өзгерістер болған кезде ЕШБЖ жүйесіндегі деректерді уақтылы жаңарту.
  • Енгізілген ақпараттың дұрыстығын тексеру және қателіктерді уақытында түзету.

Осы талаптарды сақтау еңбек қатынастарын заңды түрде ұйымдастыруға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс беруші үшін әкімшілік жауапкершілік тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.