Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды: Қарағанды облысында еңбек жағдайлары мен заманауи тәсілдерді енгізуге бақылау күшейтіледі

Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды: Қарағанды облысында еңбек жағдайлары мен заманауи тәсілдерді енгізуге бақылау күшейтіледі

Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің 2026 жылға арналған жоспарының 16-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 17 наурыздағы №11 бұйрықпен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды.

2026 жылғы 31 наурызда бекітілген құраммен сараптамалық кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі негізгі мәселелер қаралды:

  • еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасы нормаларын сақтау;
  • кәсіпорындарда еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды бағалау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу.

Сараптамалық кеңестің жұмысы еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңірдегі еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.