
2026 жылғы 31 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Пономарева О.А. «Тәртіптік жазалар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.
Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға тәртіптік жазаларды қолдану негіздері, олардың түрлері, рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ қолдану мерзімдері мен шағымдану мүмкіндіктері түсіндірілді.
Тыңдаушылар тәртіптік шараларды қолдану кезінде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды.
Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.