
2026 жылғы 17 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеуова Э.М. «Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері. Жалақыдан ұсталымдар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.
Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдеріне, сондай-ақ жалақыдан ұсталымдардың негіздері мен қағидаларына қатысты мәселелер түсіндірілді.
Тыңдаушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді.
Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.