Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

2026 жылғы 11 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы К.С. Сайбекова халықпен «Тәртіптік теріс қылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің тәртіптік теріс қылық ұғымына, қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздеріне, сондай-ақ тәртіптік жазаларды қолдану тәртібіне қатысты негізгі ережелері түсіндірілді.

Эфир қатысушыларына қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Осындай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге бағытталған.