Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік наградамен марапатталды

Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік наградамен марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР ЕХӘҚМ-де ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысының атынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ерсаев марапатты табыстады. Ол әйелдердің әлеуметтік және еңбек саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, олардың жоғары кәсібилігін, жауапкершілігі мен өз ісіне берілгендігін атап өтті.
Марапатталғандардың қатарында Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы Департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Саягүл Еркебекова бар, ол Президенттің Жарлығымен көп жылғы адал еңбегі және әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды.
Марапат оның азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби қызметін мойындау болды.
Саягүл Аманбекқызын жоғары мемлекеттік наградамен құттықтаймыз және қоғам игілігі үшін жұмыста одан әрі табыс тілейміз.