
27.02.2026 ж. Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіподақтардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерімен, Қарағанды облыс кәсіпорындарының басшыларымен еңбек заңнамасының өзекті мәселелері және бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау, жалақыны уақтылы төлеу, жұмыс берушілер тарапынан бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ жұмысшылардың өмір сүру жағдайлары мен сапасына қатысты негізгі аспектілердің есебін түсіндіруге ерекше назар аударылды.