
Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Еңбек көші-қоны бағдарламасы – Орталық Азия» жобасы аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары А. Қасымова, Д. Садықбекова «Мигранттардың сервистік еңбегі: Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жұмыспен қамтылуы мен еңбек жағдайларын мониторингілеу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар сервистік секторда еңбек мигранттарын жұмысқа орналастыруға, еңбек жағдайларына, еңбек заңнамасының сақталуына, сондай-ақ жұмыспен қамтуды мониторингілеу және еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу тетіктеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың қажеттілігіне, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ақпараттандырылуын арттыруға, еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауға арналған практикалық құралдарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өңірдегі еңбек мигранттарының жұмыспен қамтылуы мен еңбек жағдайларын мониторингілеуді жақсарту бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.