
2026 жылғы 3 ақпанда ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңесіне қатысты.
Сондай-ақ, онлайн кеңеске Қарағанды облысы бойынша ҚМЕИ департаментінің басшысы Медеу Әрінұлы Ахметов, Қарағанды облысы бойынша ҚРЖБ департаментінің басшысы Нұркен Аманбекұлы Блялов, департаменттердің қызметкерлері қатысты.
Кеңес соңында, департамент басшылары Конституцияның жаңа редакциясының маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерді облыс кәсіпорындарының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.