Қарағанды облысында еңбек заңнамасы мәселелері талқыланды

Қарағанды облысында еңбек заңнамасы мәселелері талқыланды

Қарағанды облысында бизнес, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымыен еңбек заңнамасын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау жөнінде кездесуі өтті. Талқылау барысында, қатысушылар қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету, жалақыны уақытылы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алуға және кәсiпорындарда еңбектi қорғау мәдениетiн арттыру жөнiндегi шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қызметкерлерді міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру және бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еңбек жағдайларын жақсарту және бұзушылықтар санын азайту үшін одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.