Еңбек қауіпсіздігі – бұл формалдылық емес, өмір мәселесі. Бүгін Саран қаласының №24 ӨСБ және ТЖБ қызметкерлері Еңбек департаментінің өкілімен кездесу барысында маңызды мәселелерге жауап алды.

Еңбек қауіпсіздігі – бұл формалдылық емес, өмір мәселесі. Бүгін Саран қаласының №24 ӨСБ және ТЖБ қызметкерлері Еңбек департаментінің өкілімен кездесу барысында маңызды мәселелерге жауап алды.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру мақсатында Сарань қаласының №24 ӨСБ және ТЖБ ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Еңбек департаментінің еңбек қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек инспекторы — Қасымова Әсем қатысты. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасау жолындағы маңызды қадам болып табылады.