Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты ұлттық іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент атынан Еңбек қатынастары бөлімі бас мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Қасымова қатысты.
Кездесу аясында Қарағанды қаласының «Отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі тақырыптарда семинар ұйымдастырды:
- Әлеуметтік кепілдіктер саласындағы заңнамалық өзгерістер
- Еңбек ету құқығына қатысты конституциялық кепілдіктер
Қатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде өзекті ақпарат алып, білікті мамандардың кеңесіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті кеңейту болып табылады.