Кәсіподақтар, «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясы және салалық заңды тұлғалар бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты — еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және аймақтық деңгейде еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау.
Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, кәсіподақ ұйымдарының және сақтандыру компаниясының өкілдері баяндама жасады. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, негізгі тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Бірлескен талқылау қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған тиімді тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.