БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен локализация тәсілдері туралы

БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен локализация тәсілдері туралы

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қарағанды қаласында «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары және жергілікті деңгейде оқшаулау тәсілдері туралы» семинар өтті

Семинарды БҰҰ Даму бағдарламалары, Азия даму банкі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен ұйымдастырылды.

Өз кезегінде, Қарағанды облысының әкімдігімен түрлі саланың 60 өкілі қатысты.

«Қарағанды облысы экономика басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әбішева Г.Б. сөз сөйледі.

Іскерлік ойынның модераторлары ретінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметкерлері мен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Якуп Бериш сөз сөйледі.

Практикалық семинар Босния және Герцеговина БҰҰ сарапшылары әзірлеген, «Миссия 2030» іскерлік ойыны форматында өткізілді.

 Қатысушылар арасында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның, жастардың, жеке сектордың өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар болды.

Ойын барысында бір үстел басында жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың, академиялық топтардың және жастардың өкілдері жиналды. Бұл аймақтағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға, перспективалы міндеттер мен оларды шешудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Осылайша, семинарға қатысушылар өңір үшін халықтың сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізу қажеттілігі, дамыған және сенімді инфрақұрылым, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, қоршаған ортаны сақтау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық ауқымын азайту мәселелері қаралды.

Іскерлік ойын әр түрлі қызмет саласы бойынша өңір тұрғындарына бір-бірімен пікір алмасуға, әр адамның мәселелерін тыңдауға және өңірдің тұрақты дамуы бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік берді.