Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің бірінші халықаралық инвестициялық форумы

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің бірінші халықаралық инвестициялық форумы

Ағымдағы жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірінші халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Форумға мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қазақстандық сарапшылар да, халықаралық сарапшылар да қатысты. Рәсім Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталықтарының басшылары арасындағы «Өзара іс-қимыл туралы» Меморандумға қол қоюдан басталды. Жаңа құжат қазақстандық бизнесмендерге осы елдердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар тәжірибе алмаса алады және заңнаманы жетілдіру әрі мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарының тізбесін кеңейту бойынша өзара іс-қимылдарын жалғастыра алады.

«Өңірлер рейтингі» пленарлық сессиясы шеңберінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұсаукесерімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысының орынбасары А.С.Дурсун спикер ретінде қатысты.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ жүргізген  рейтингке сәйкес Қарағанды облысы өңірлердің жалпы рейтингінде 3-ші орын, мемлекеттік міндеттемелерге тартылған инвестициялар бойынша 1-ші орын, 2 және 3 санатты жобалар саны бойынша 1-ші орын алды.