2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселелері Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаралды

2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселелері Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаралды

Бюджетке енгізілген түзетулер кірістер бөлігіндегі өзгерістерді, жекелеген шығыстарды оңтайландыруды және ішкі ресурстарды қайта бөлуді ескере отырып жүргізілді.

Басты басымдық – әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау. Нұра және Бұқар жырау аудандарында балаларды тегін тасымалдауға, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын жөндеуге, медициналық және әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат қарастырылды.

Сондай-ақ ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төлемдер көзделді.

Бюджетті нақтылау аясында мәдениет саласын дамыту, жылыту маусымына дайындық және ветеринариялық іс-шараларды жүргізу мәселелері де ескерілді.

Сессия қорытындысы бойынша облыстық бюджет комиссиясының құрамы бекітіліп, бюджетті орындау бойынша алдағы міндеттер айқындалды.

Негізгі міндет – бюджет қаражатын тиімді әрі ұтымды пайдаланып, ресурстарды Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына бағыттау.