Елдің одан әрі даму мәселелері, қоғамдық диалогты нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері. Осы және басқа да өзекті мәселелер Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық саясат, өңірлерді дамыту және экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері қаралды.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Өңірлер үшін белгіленген басымдықтар инвестициялық жобаларды іске асыру, бизнесті дамыту және аумақтардың экономикалық әлеуетін нығайту бағытындағы алдағы жұмыстарға бағдар болады.

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысы өзекті мәселелерді талқылау және ел дамуының алдағы бағыттарын айқындау үшін маңызды алаңға айналды.