Қарағанды облысының экономикасы: негізгі салалардағы оң динамика

Қарағанды облысының экономикасы: негізгі салалардағы оң динамика

Қарағанды облысының экономикасы: негізгі салалардағы оң динамика

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысында экономиканың бірқатар базалық салаларында өсім сақталуда.

Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,2 трлн теңгеден асты, өсім 4,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 2,3 трлн теңгенің өнімі өндірілді, өсім — 6%.

Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім көлемі 165,1 млрд теңгеге жетіп, 3%-ға артты. Ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өсуде. Өсімдік шаруашылығында да оң динамика байқалады.

Сауда
Тауар айналымы 2,6 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері 32 жаңа сауда нысаны ашылып, 113 жұмыс орны құрылды.

Көлік
Жеті айда 55,6 млн тонна жүк тасымалданды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға көп. Жолаушылар ағыны 11,3%-ға өсіп, 84 млн адамға жетті.

Өңдеу өнеркәсібі бірден бірнеше бағыт бойынша өсім көрсетуде:
фармацевтика — +145,6%,
қағаз өнімдері — +60,3%,
жеңіл өнеркәсіп — +50%,
машина жасау — +37,6%,
химия өнеркәсібі — +25,8%,
құрылыс индустриясы — +20,3%,
тамақ өнеркәсібі — +11,6%.

Натуралдық мәнде болат, шойын, алтын, күміс, тұрмыстық техника, автобустар мен арнайы техника, сондай-ақ шиналар өндірісі артты.

Өңір экономикасы дамуын жалғастыруда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік салаларындағы өсім Қарағанды облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалыптастыруда.