
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осакаров ауданы әкімдігі мен мәслихатының ұсыныстары негізінде «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің Қасенбай ауылын тарату туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихатының шешімінің жобасы әзірленді.
Жобаны әзірлеу облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Бірлескен қаулы мен шешімнің жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15893819.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының
2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жобаларды, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орналастыру және жария талқылау қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы
24 тамызда «Ашық НҚА» порталында онлайн талқылау өтеді.
Сіздерді қатысуға шақырамыз.