
«Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №19/2 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрық редакциясында, 2026 жылғы 31 наурыздағы №52 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) сәйкес «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Талдау кезеңі – 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.
Ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
Басқарманың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде: персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу салалары.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде 1 ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
1-тәуекел (Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі): тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде формальды талаптарды теріс пайдалану мүмкіндігі.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі бекітіліп, оларды жою жөніндегі нақты орындау мерзімдері мен жауапты орындаушылары көрсетілген іс-шаралар жоспары әзірленді.