
Құжат мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік институттардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға бағытталған ауқымды өзгерістерді көздейді.
Конституциялық реформа қоғамдық және мемлекеттік өмірдің негізгі салаларын қамтиды. Негізгі өзгерістердің қатарында жаңа өкілді орган құру, жекелеген мемлекеттік институттарды жаңғырту, сот жүйесін дамыту және мемлекеттік басқарудың цифрлық тетіктерін жетілдіру қарастырылған.
Ел экономикасы үшін реформалардың маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті дамыту және өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету.