Отандық өндірістің экономиканы дамытудағы рөлі «Ойталқы» бағдарламасында талқыланды

Отандық өндірістің экономиканы дамытудағы рөлі «Ойталқы» бағдарламасында талқыланды

Қазақстандық өндірушілер бүгінде ел мен өңірлер экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Отандық өнімді таңдау арқылы тұрғындар кәсіпорындарды қолдап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді және экономикалық тұрақтылықтың нығаюына өз үлесін қосады.

Отандық өндірістің дамуы, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары және қазақстандық өнімдерді тұтынудың маңыздылығы туралы «SARYARQA» телеарнасындағы «Ойталқы» бағдарламасында сөз қозғалды.

Бағдарлама қонағы – стратегиялық жоспарлау және экономиканы дамыту бөлімінің басшысы Әйгерім Қонысбекова өңір экономикасының даму перспективалары туралы айтып берді.

Бағдарламаның эфирін 13 шілде күні «SARYARQA» телеарнасынан көре аласыздар.