ДАМУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

ДАМУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

Осы жазда Қазақстанда қоғамдық-саяси дамудың жаңа кезеңі басталады – Ұлттық құрылтайдың жаңартылған құрамын қалыптастыру.

Бұл бастама азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге және әділетті әрі ашық қоғам қағидаттарын нығайтуға бағытталған ауқымды конституциялық реформалардың бір бөлігіне айналды.

Аталған өзгерістердің маңызды кезеңі 2026 жылғы наурызда өткен республикалық референдум болды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген жаңартулар қолдау тапты. Бұл өзгерістер институционалдық тетіктерді күшейтіп, қоғамдық диалогтың рөлін арттырды және мемлекеттік жүйені одан әрі жаңғыртуға негіз қалады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау саласы үшін Конституция қаржы жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттарын айқындайды, меншік құқықтарын және кәсіпкерлік еркіндігін қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды тиімді басқарудың шеңберін белгілейді.