
Қарағанды облысы сенімді түрде алға басып келеді
2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір барлық негізгі бағыттарда тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс экономикасы 5,4%-ға өсті, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті (+6%). Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі төрағалық еткен аппараттық кеңесте баяндалды.
Әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орнықты дамуы маңызды — оның көлемі 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған саясаттың дұрыстығын дәлелдейді. Саланың негізгі қозғаушы күші металлургия болып қала береді (өңдеуші сектордың 64%-ы). Сонымен қатар басқа да салаларда айтарлықтай өсім байқалады:
▪️ жеңіл өнеркәсіп – 2,1 есеге
▪️ резеңке және пластмасса бұйымдары – 1,3 есеге
▪️ фармацевтика және химия өнеркәсібі – 1,2 есеге
▪️ машина жасау, тамақ және құрылыс индустриясы
Тау-кен өндіру саласындағы өсім 7,4%-ды құрады. Бір жыл ішінде өңір экономикасына шамамен 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 279 млрд теңгеден асатын 28 өнеркәсіптік жоба іске қосылды.
Аграрлық сектор да белсенді дамып келеді: 31 жоба жүзеге асырылды, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артып отыр.
Тұрғын үй құрылысы жалғасуда — шамамен 597 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 6 мыңнан астам жаңа пәтер деген сөз.
Көлік пен сауда салалары дамып, әлеуметтік сала нығаюда.
Осылайша жүйелі жұмыс пен жоспарланған міндеттердің орындалуы Қарағанды облысының позициясын күшейтіп, оның тұрақты дамуына ықпал етуде.
Қарағанды облысы — мүмкіндіктер өңірі және орнықты болашақ.