
2025 жылдың қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.
Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 5,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 4 486,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 106%.
Негізгі капиталға 1 049,2 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 590,5 млрд. теңгені құрады нақты көлем индексі – 100,2%.
507 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 114,6%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 493,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 100,3%.
Ішкі сауда бойынша 4 484,1 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 469,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 14,2%-ға өсті.