Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Қарағанды облысына сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Қарағанды облысына сапары
25 қараша 2025 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және қоғамдық өкілдермен кездесу өткізді.
 
Біздің өңір тұрақты өсім көрсетуде:
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор — 5,3%, жыл қорытындысы бойынша кемінде 7%-ға жету жоспарлануда.
Айтарлықтай өсімге өнеркәсіп, көлік және логистика, байланыс, сауда және құрылыс салалары ықпал етті.
400 млрд теңгеден астам кіріс өз кірістеріміз есебінен қамтамасыз етіледі.
 
Әлеуметтік сала — басты басымдық
10 айда 46,7 мың адам жұмыспен қамтылды, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
6 жаңа мектеп ашылды, 5-еуі салынуда, 265 нысан жөнделді, балабақшаларда 1 500 орын ашылды.
Денсаулық сақтау саласында 92 нысан салынды, жаңа жедел жәрдем көліктері алынды, жоғары технологиялық орталықтар ашылды, жас дәрігерлер тартылды.
500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 378 отбасы пәтер алды; жыл соңына дейін 1 332 пәтер беріледі.
 
Өнеркәсіптік серпін
Қарағанды облысы — елдің өңдеу өнеркәсібінің драйверлерінің бірі.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 трлн теңгеден асты.
QARMET, Kazakhmys Smelting және басқа да кәсіпорындар тұрақты өсім көрсетті.
Машина жасау 8,9%-ға өсіп, өңдеу өнеркәсібінің 13,8%-ын құрайды.
 
«SARAN» — индустриялық дамудың жаңа орталығы
Мұнда автобустар, арнайы техника, тұрмыстық техника, автокөлік шиналары, құбырлар және металл бұйымдарын шығаратын өндіріс орындары шоғырланған.
 
QazTehna секілді кәсіпорындар іске қосылды. Биылдың өзінде зауыт 2 мыңнан астам автобус пен арнайы техника шығарды.
Желтоқсанда еліміздегі жалғыз гидравликалық штамптау пресі іске қосылып, кузов бөлшектерін өндіруге мүмкіндік береді.
 
2026 жылы «Saran Machinery» зауыты базасында HOWO, SHANTUI және SITRAK жүк және арнайы техникаларын шығару жобасы іске қосылады.
 
Кездесуге машина жасау саласының өкілдері, Қазақстан машина жасаушылар одағы қауымдастығының мүшелері қатысып, өз мәселелерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
•Инфрақұрылымға 37,3 млрд теңге инвестиция салынды,
•Ал кәсіпорындар бюджетке 19 млрд теңге салық қайтарды.
•Саран қаласының өнеркәсібі 6–7 есеге, инвестициялар көлемі 10 есеге өсті.
 
Жаңа жобалар — жаңа жұмыс орындары
Өңірге шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылды, жыл қорытындысы бойынша 1,5 трлн теңгеге дейін қамтамасыз етіледі.
29 жаңа жоба іске асырылып, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
QazTehna, Tengri Tyres, Silk Road Electronics, TEMPO-Kazakhstan — өңірдің жаңа индустрияландыруының көшбасшылары.
 
Қарағанды облысының одан әрі дамуы тиімді индустрияландырудың, тұрақты өсімнің және өмір сүру сапасының жоғары болуының үлгісіне айналады.