Қарағанды облысының 2025 жылғы қаңтар – қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қарағанды облысының 2025 жылғы қаңтар – қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

2025 жылдың қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 5,3%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында 4 042,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 106,3%.

Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 4,1% өсіммен 932,9 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыс жұмыстары 526,7 млрд. теңгені құрады нақты көлем индексі – 100,7%.

493,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 116,4%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 454,1 млрд. теңгені құрады.

Ішкі сауда бойынша 3 931,2 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,7%-ды құрады.

Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 424,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 15,1%-ға өсті.