Қарағанды облысы: тұрақты өсім және жаңа мүмкіндіктер

Қарағанды облысы: тұрақты өсім және жаңа мүмкіндіктер

Өңір экономикасы сенімді өсім көрсетуде — 10 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 5,3%-ды құрады, ал мақсат — кемінде 7%-ға жету. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен брифингте белгілі болды.

Экономикаға салынған инвестиция көлемі 932,9 млрд теңгеден асты, жыл соңына дейін 1,5 трлн теңгеге жету жоспарлануда.

Өңірдің дамуының негізгі қозғаушы күші — өнеркәсіп. Өндіріс көлемі 4 трлн теңгеге жетті.
Qarmet компаниясы 2028 жылға дейін 1,6 трлн теңгеге ірі жаңғырту жобасын жүзеге асыруда, онда цифрлық технологиялар енгізіліп, экологиялық таза энергия көздеріне көшу қолға алынған.

Өңірде индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтар белсенді дамуда. «Сарыарқа» АЭА аумағында бүгінде 23 зауыт жұмыс істейді, жаңа өндірістер — алюминий радиаторларынан бастап ферросиликоалюминийге дейінгі кәсіпорындар іске қосылуда.

Шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылуда:
Бөлшек салық мөлшерлемесінің 2%-ға дейін төмендеуі нәтижесінде салық төлеушілер саны 30 есеге артты.
Кәсіпкерлерді қолдауға 14,5 млрд теңге бағытталды.
Ішкі сауда айналымы жыл қорытындысы бойынша 5,6 трлн теңгені құрайды (+9%) — бұл көрсеткіш бойынша облыс елде 4-орында.

Агроөнеркәсіптік сектор да өсім көрсетуде — инвестициялар екі есе артып, 44 млрд теңгеге жетті. 47 млрд теңгеге 31 жоба жүзеге асырылуда, заманауи сүт фермалары мен қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылып, экспорт көлемі ұлғаюда.

Құрылыс саласында өсім 16%-ды құрады, 493 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 548 мың шаршы метрге жетпек.
Тұрғындардың 98,7%-ы ауызсумен қамтылған, газдандыру және жылу желілерін жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.
637 км жол жөнделді, қоғамдық көлік пен өңір әуежайлары дамуда.

Қарағанды облысы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізудің алаңына айналуда — «ақылды бағдаршамдар» мен тұрақ жүйелерінен бастап, халықаралық нарыққа шығатын IT-стартаптарға дейін жобалар іске асуда.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы — тұрғындар, бизнес және билік арасындағы өзара еңбектің нәтижесі. Қарағанды облысы еліміздің өнеркәсіптік және инновациялық орталығы ретінде өз позициясын нығайтып, жаңа мақсаттарға қарай нық қадам жасауда.