2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.
Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 5,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 3 598,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 106,2%.
Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 9,3% өсіммен 783 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 456,2 млрд. теңгені құрады нақты көлем индексі – 101,2%.
406 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 106,8%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 374,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 100,6%.
Ішкі сауда бойынша 3 368,8 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 100,6%-ды құрады.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 380,1 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 16,8%-ға өсті.