Қарағанды облысының 2025 жылғы қаңтар – тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қарағанды облысының 2025 жылғы қаңтар – тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

2025 жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 7,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында 3 168 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 107%.

Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 11,1% өсіммен 644,7 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыс жұмыстары 25%-ға өсіп, 400,7 млрд. теңгені құрады.

351,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 106,3%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 219,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,9%.

Ішкі сауда бойынша 2 842,9 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 100,3%-ды құрады.

Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 334,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 17,7%-ға өсті.