Қарағанды облысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде» атты Жолдауындағы басымдықтарды табысты жүзеге асырып келеді.
🔹 1. Инвестиция тарту
Осы жылдың 8 айында 644,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға өсті. Жыл соңына дейін 195 млрд теңгеге 29 жоба іске асырылады, 2 000-нан астам жұмыс орны ашылады.
«Сарыарқа» АЭА аясында жалпы 211 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 300 жұмыс орны құрылды.
Жалпы, 2028 жылға қарай өңірдегі инвестиция көлемі 2,9 трлн теңгеге жетеді.
🔹 2. Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту
7 айда 2,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 7,3%-ды құрады. Металлургия, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі қарқынды дамуда.
«Saran» индустриялық аймағында 472 млрд теңгеге жобалар жүзеге асырылып жатыр. 28,2 млн тонна сирек кездесетін металдардың қоры барланған. Алтын, мыс және вольфрам бойынша перспективалы кен орындары анықталды.
🔹 3. АӨК және экология
Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 522 млрд теңгеге жетіп, 6,4%-ға өседі.
1 100 басқа арналған жаңа сүт фермасы мен сүт зауыты іске қосылды, 6 мың басқа арналған кешен салынып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 6 000 басқа арналған ферма іске қосылады.
Су шаруашылығы мен экология саласында жобалар жүзеге асырылуда: су қоймалары мен бөгеттер жөнделіп, айналымға жерлер тартылуда, 1,3 млн-нан астам көшет отырғызылып, жүздеген қоқыс алаңы жойылды.
🔹 4. Көлік және логистика
Биыл 543 км жол жөнделді, жыл соңына дейін тағы 94 км аяқталады, ал 2026 жылы – 560 км-ден астам жол жөнделмек.
«Орталық – Оңтүстік» бағыты бойынша Қарағанды – Балқаш учаскесінде жұмыстар толық аяқталды, Балқаш – Бурылбайтал жолының қайта жаңғыртылуы жалғасуда.
Мойынты – Қызылжар теміржол тармағы және Достық – Мойынты екінші жолдары салынып жатыр.
Балқаш әуежайының инфрақұрылымы жаңартылып, терминалдар мен ұшу-қону жолағы қайта құрылуда – бұл өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Сары-Арқа» әуежайы – болашақ мультимодальды хаб (CargoHUB Karaganda).
🔹 5. ТКШ, денсаулық сақтау және білім беру
8 айда 351,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтардан 1 500-ге жуық отбасы баспанамен қамтылады.
2028 жылға дейін қосымша 510 МВт электр қуаты және 425 Гкал жылу енгізіледі. 180 км желі қайта жаңғыртылды.
92 медициналық нысан салынуда, оның 75-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 6 жайлы мектеп салынады.
🔹 6. Кәсіпкерлікті қолдау
Қазір өңірде 100 мың ШОБ субъектісі бар, халықтың шамамен 50%-ы осы салада жұмыс істейді. 2 200-ден астам жобаға қолдау көрсетілді, бизнестен бюджетке түсетін кіріс 14%-ға өсіп, 195,2 млрд теңгеге жетті.
🔹 7. Адам капиталы мен цифрландыруды дамыту
Жылына 600-ден астам IT-маман дайындалады. «Террикон алқабы» IT-Hub жұмыс істейді, 10 жасанды интеллект стартапы қолдау тапты. 80 ауыл тұрғыны мен 50 студент цифрлық дағдыларға үйренуде.
✅ Қарағанды облысы Президент тапсырмаларын жүйелі түрде орындап, орнықты, цифрлық және инвестициялық тұрғыда тартымды экономиканы қалыптастырып келеді.