2025 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.
Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 7,7%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 2 723,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 107,3%.
Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 10% өсіммен 563,3 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 21,8%-ға өсіп, 320,6 млрд. теңгені құрады.
280,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 148,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,7%.
Ішкі сауда бойынша 2 382,9 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,4%-ды құрады.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 290,7 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 19,8%-ға өсті.