2025 жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.
Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 8,5%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 1 893 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 108,9%.
Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 19,6% өсіммен 327 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 10,2%-ға өсіп, 148,2 млрд. теңгені құрады.
141,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 64,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,6%.
Ішкі сауда бойынша 1 582,9 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,1%-ды құрады.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 203,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 22,1%-ға өсті.