2025 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.
Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 10,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп саласында 1 508,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 112,0%.
Негізгі капиталға 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 5,7% өсіммен 226,6 млрд. теңге инвестицияланды.
Құрылыс жұмыстары 9,0%-ға өсіп, 97,6 млрд. теңгені құрады.
75,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 47,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,0%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 98 933 бірлікті құрады.
Ішкі сауда бойынша 1 205,0 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады.
Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 160,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 21,4%-ға өсті.