Қарағанды облысының діни бірлестіктер Клубы Абайдың жүріп өткен жолымен саяхат-сапар ұйымдастырды.
Экспедиция Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан басталды. Қатысушылар жас Абай жиі барған саудагер – Халиулла Бекметовтің үйіне, одан кейін Құнанбай қажы салған мешітке де барды. Келесі аялдамалар Абай облысында болды, онда клуб мүшелері бірегей киелі жер - Қоңыр-Әулие үңгіріне, Жидебай қорығына, Семей қаласында орналасқан «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралады. Экспедиция соңы қазақ халқының ұлы ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылына бару болды. Жалпы, ұлы Абайдың мекендерінде 2 күндік экспедиция барша қатысушылардың есінде өзінің әсемдігімен, барған жерлерінің алуан түрлігімен қалды. Во всем мире Абай Кунанбаев известен как поэт, мыслитель, основоположник казахской литературы, народный просветитель.