Мамандар мен діни қызметкерлерге арналған екі күндік семинар өткізілді

Мамандар мен діни қызметкерлерге арналған екі күндік семинар өткізілді

Оңалту жұмыстарына тартылған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында дін істері басқармасы тарапынан теолог-мамандар мен діни қызметкерлерге арналған екі күндік семинар өткізілді. Лектор ретінде Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теологы, теология магистрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Марат Аманжолұлы Смағұлов шақырылды. Іс-шара барысында мамандардың күнделікті жұмысында туындайтын проблемалық мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.