Дін істері басқармасының басшысы Нұр-Мүбарак студенттермен кездесті

Дін істері басқармасының басшысы Нұр-Мүбарак студенттермен кездесті

Дін істері басқармасының басшысы Нұр-Мүбарак Египет ислам университетіне арнайы іссапармен барып, біздің облыстан оқып жатқан студенттермен кездесті.

Шара барысында мамандандыру бойынша өндірістік практика, мемлекеттік мекемелерге қызметке өту тәртібі, сондай-ақ түлектерді одан әрі жұмыспен қамту сияқты маңызды мәселелерді талқыладық.

Өз тарапымыздан қазіргі таңда дінтану, исламтану, теология мамандықтарының жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарындағы қажеттілігі мен өзектілігі бойынша ақпарат ұсынып, қызығушылық танытқан студенттерді жеке қабылдадық.

Кездесу қорытындысы бойынша студенттермен, университет басшылығымен өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерінің механизмдері келісілді.