Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмысты жүргізу мақсатында Қарағанды ​​облысының дін істері басқармасы тарапынан  тұрғындар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ақпараттық парақшаларын тарату ұйымдастырылды, онда сыбайлас жемқорлықтың түрлі нысандары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың салдары мен оның алдын алудың әдістері көрсетілген.

Бұл акция облыс орталығының тұрғындарының оң бағасын алды. Дін істері басқармасы тарапынан осы және басқа да іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп, азаматтардың хабардар болуына көмектесетінін, сонымен қатар азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін айта кеткен жөн.