«Ашық есік» күні өтті

«Ашық есік» күні өтті

2024 жылғы 28 наурызда облыстық дін істері басқармасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді, оған Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері қатысты. Акцияның мақсаты – жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелеріне белсенді тартуды қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сюжеттегі қысқаметражды бейнеролик көрсетілді және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамасы түсіндірілді.

Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттері басқарманың қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.