Қарағанды облысының дін істері басқармасы облыстың экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Қарағанды облысының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында ЭТД қызметкерлері имамдарды лудомания, қаржы пирамидаларының және нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алуға үлес қосуға шақырды.