Мұғалімдерге арналған оқыту семинар

Мұғалімдерге арналған оқыту семинар

Ағымдағы жылғы 2-3 қарашада орта білім беру мектептерінің және колледждердің «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне арналған «ҚР Президентінің Жолдауының призмасы арқылы моральдық-этикалық құндылықтар», «Діни аддикция, діни аддикцияға сезімтал тұлғаның профайлингі, шешу жолдары», «Буллинг деген не, оны қалай жеңуге болады» тақырыптарында екі күндік оқыту семинары өткізілді.
Лектор ретінде «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздердің мониторингі жөніндегі өңірлік сараптау тобының мүшесі Ш.М. Кабулова; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.С. Полтаренко; Қарағанды облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі және жастар ісі жөніндегі комиссияларының мүшесі, халықаралық ICF sales жаттықтырушысы М.В. Шиллер шақырылды.
Семинар барысында жұмыста туындайтын проблемалық мәселелер көтерілді, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.