Дүниежүзілік конфессияаралық келісім апталығы

Дүниежүзілік конфессияаралық келісім апталығы

Дүниежүзілік конфессияаралық келісім апталығы жыл сайын ақпан айының бірінші аптасында атап өтіледі.
Ол 2010 жылғы қазан айында Иордания королі Абдалла II-нің ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 65/5 қарарында жарияланды.
Бас Ассамблея адамдар арасындағы өзара түсіністік, келісім мен ынтымақтастықты нығайту үшін әртүрлі конфессиялар мен діндер арасындағы диалогтың шұғыл қажеттілігін, сондай-ақ бейбітшілік, төзімділік пен өзара түсіністікке ұмтылу барлық діндердің, діни сенімдегілердің және дінді тұтушылардың моральдық парызы екенін мойындады.