«Конфессияаралық келісім және діни экстремизнің алдын-алу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

«Конфессияаралық келісім және діни экстремизнің алдын-алу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

Қарағанды ​​облысының дін істері басқармасы ағымдағы жылғы 27-28 қыркүйекте облыстың қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлеріне «Конфессияаралық келісім және діни экстремизнің алдын-алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Лектор ретінде ҚР ҰҚК Академиясы операциялық психология кафедрасының аға оқытушысы, сарапшы-психолог Шакимова Л.С. шақырылды. Семинарда конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.