Қазақстаннан шыққан бірінші епископты қастерлеу

Қазақстаннан шыққан бірінші епископты қастерлеу

Бүгін барлық ұлттардың анасы - Пресвятая Дева Мария Фатимская кафедралды соборында Қазақстаннан шыққан бірінші жергілікті дін қызметшісі Евгений Зинковскийдің епископ болып тағайындау шарасы өтті.

Қасиетті Рим Папасы Франциск 2021 жылғы 29 маусымда осы уақытқа дейін Қарағанды ​​епархиясының бас викарийі лауазымын атқарған қасиетті дін қызметшісі Евгений Зинковскийдің Қарағанды ​​епархиясы епископының көмекшісі болып тағайындалғанын жариялады.

Евгений Зинковский Шортанды кентінде дүниеге келген.

Ол 1999 жылғы 1 тамызда ол Шортандыдағы өзінің приходында діни қызметші болып тағайындалды.

Евгений Зинковский Римдегі қасиетті крест папалық университетінде оқып, философия бойынша лиценциат дәрежесін алды.

2018 жылы Краковтағы Иоанн Павел II папалық университетінде философия докторы дәрежесін қорғады.

Қазақстан католиктік шіркеуі үшін бұл тарихи оқиға тағы екі маңызды күнге - Қарағандыдағы кафедралды собордың дәріптелуінің 9 - жылдығына және әкей Владислав Буковинскийдің беатификациясының 5 - жылдығына сәйкес келді.