Қарағанды облысындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы

Қарағанды облысындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы
17 - 18 маусымда республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының (одан әрі - РАТТ) мамандары діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында тұрғындардың түрлі санаттары арасындағы бірқатар кездесулер мен іс-шараларды өткізді.
РАТТ жұмысына білікті теологтар мен дінтанушылар М.Қайырғалиев, Г.Сыздықова, И.Бердалиев, Р.Сыздықов, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Е.Кенжехан қатысты.
РАТТ мүшелері тұрғындармен, жастармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, еңбек ұжымдарымен, діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларымен, жамағаттармен, «Жусан» операциясы аясында оралған сотталушылармен кездесулер өткізді.
Жалпы, ақпараттық жұмыспен 300-ден астам адам қамтылды. Барлық жоғарыда аталған іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып, өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, псевдодіни және радикалды идеологияның зияндылығы, жас ұрпақтың дәстүрлі діни санасын қалыптастыру туралы ақпарат берілді.