ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап 30 сәуіріне дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дін саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді (бағдарлама https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/189583?lang=kk сілтеме бойынша қоса беріледі).
Оқыту курстары онлайн форматта Zoom-платформасында өтеді.
Тікелей көрсетілім Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми YouTube-арнасында https://www.youtube.com/user/ENUGumilyov және университеттің Facebook-тегі https://www.facebook.com/enukz ресми парақшасында өтеді.
Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScqGQUxWEWEOBc1gIZp0JDmzD-wi9Y8KXplVAGa3M-TQ8n9Tg/viewform?usp=sf_link.
Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель.