Тәуелсіздік мерекесіне орай 2 отбасы баспаналы болды!

Тәуелсіздік мерекесіне орай 2 отбасы баспаналы болды!
Қарағанды облысының дін істері басқармасында «Харекет» қайырымдылық қорының қолдауымен 2 көпбалалы және жалғызбасты анаға пәтер кілті тапсырылды.
Шара барысында басқарма басшысы Дулат Халел «Асар ұғымы қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Асарлықтың үлгісін көрсетіп, мұқтаждарға сүйеу болып жүрген «Харекет» қорына зор алғысымызды білдіреміз»,-дей келе, баспана иелерін құттықтады.
Сонымен бірге, қуаныш иелерін «Ана-мама» қайырымдылық қорының басшысы Ержан Абдрахманов құттықтап, отбасыларға жаңа кілем мен тәттілерді сыйға тартты.
Қарағанды облысының бас имамы Бекқожа Өмірзақ да өз кезегіңде баспаналы болған отбасыларды құттықтап, ақ батасын берді.
Тәуелсіздік күні құтты болсын! Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!