Діни бірлестік өкілдері Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Діни бірлестік өкілдері Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды
Қарағанды облысы дін істері басқармасында карантиндік шектеулер кезінде белсенді жұмыс атқарып, тұрғындар арасында белсенді түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытқаны үшін діни бірлестік өкілдері Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Марапатқа ие болған:
- Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы орталық мешіттің бас имамы Акпаров Қондыбай Серікұлы;
- «Қарағанды және Шахтинск епархиясы Ақтас кентінің Қасиеттеуші Николай храмының приходы» жергілікті православтық діни бірлестігінің қызметкері Угольков Александр Николаевич;
- Жаңаарқа ауданының бас имамы Қанай Асхат.
Барқарма басшысы Дулат Халел марапат иелерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыруға бағытталған еңбектеріне зор алғысын білдірді.