Теологтар мен ҚАЖД қызметкерлері діни мәселелерді талқылау әдістерін жетілдірді

Теологтар мен ҚАЖД қызметкерлері діни мәселелерді талқылау әдістерін жетілдірді

Қарағанды облысында теологтар мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, діни мәселелерді талдаудың әдістемелік тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ хадистерді зерттеу және түсіну бағытындағы білімдерін тереңдету. Семинарда спикер ретінде исламтану саласының PhD докторы, «Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы» КЕАҚ Консультациялық және диалог орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қайрат Құрманбаев сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушылар кәсіби білімдерін толықтырып, діни саладағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.