Қарағанды облысының оқушылары үшін Қарқаралы ауданының тарихи орындарына танымдық тур ұйымдастырылды.
Тур аясында қатысушылар алғашқы адам үңгіріне, тарихи-өлкетану мұражайына, табиғат мұражайына және Құнанбай мешітіне барып, Қарқаралының бірегей табиғатымен танысып, Шайтанкөл көліне жаяу серуен жасады.